4.5

Бейжің

Бейжің (қытай тілінен аударғанда "солтүстік астана" деген мағына береді) — Қытай Халық Республикасының астанасы. Көлемі жөнінен Қытайдағы (Шанхайдан кейін) 2-ші қала. Халқы — 12,6 млн (1995). Солтүстік Қытай жазығының солтүстік шетінде, Юндинхэ өзенінің алабында орналасқан. Үш жағынан тау жоталарымен қоршалған, оңтүстік-шығыс жағы ғана жазық болып келеді.
Бейжің тұрған жердегі елді мекен туралы алғашқы дерек б.з.б. 2-мыңжылдықта кездеседі.
Б.з.б. 11 — 8 ғасырлар аралығындағы жылнамаларда (Батыс Чжоу заманы) ол Цзи қаласы деп аталады.
Соғысушы патшалықтар дәуірінде (б.з.б. 475 — 221 ж.) ол Янь патшалығының орталығы болып, Солтүстік Қытайдың стратег. маңызды қаласына әрі ірі сауда орталығына айналды.
10 ғасырдың басында Ляо әулеті қидандарының екінші астанасына айналып, атын Яньцзин деп өзгертті.
12 ғасырдың ортасынан Чжунд, Дасин (чжурчжэннің Цзинь мемлекетінің ортаңғы астанасы) атанды.
1215 жылы қаланы моңғолдар басып алды. 13 — 14 ғасырларда Даду немесе Ханбалық атанып, моңғолдың Юань империясының астанасы болды.
1368 жылы моңғолдардан азат етілгеннен кейін Бейпин атанды.
1421 жылы Қытайдың Мин империясының астанасы болып,Бейжің атанды.
1644 — 1911 жылдары Цинь империясының астанасы болды. Бейжің мен оның маңайында металлургия, мұнай өңдеу, химия, машина және прибор жасау, полиграфия, құрылыс металдары, жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары, т.б. шоғырланған.

Sanitation
5.0
Food
5.0
Reservation available
5.0
Wait time
4.0
Seating arrangements
5.0
Staff
3.0
  • Galymzhan Khamidolinov 4.50
    31.07.2022

    Керемет жер

Пікір қалдыру

Send reply to a review

Қателік табылды

Сіздің өтініш жіберілді

Сіздің ақпарат сайт әкімшілігіне жеткізіледі

Appointments

Жақын орналасқан елді - мекендер

Ешқайссы табылмады

Ұқсас елді - мекендер

Ешқайссы табылмады

 

 / 

Кіру

Хат жолдау

Менің таңдаулыларым

Application Form

Claim Business

Бөлісу