
Қытайда Гуаньди культі Соғыс құдайы және оның жылқысын білдіреді. Оның құрметіне храм тұрғызылып, ал оның батыры Пекин операсындағы поэзияда дәріптелген. Тан дәуірінде Ұлы Жібек жолы әртүрлі өркениет арасын жалғаушы көпір болып, көшпенді немесе дала өркениеті Қытай өркениетімен тепе-тең әріптесі бола білді. VI-Х ғасырларда Қытай Моңғолия, Алтай аумағында пайда болған Түрік қағанатымен қарым-қатынас орнатады, ал бұл кезеңде бүкіл Ұлы даладағы жылқы мәдениеті биік сатыда тұрған. С.Е.Малов аударған тасқа қашап жазған Күлтегін ескерткішіне көңіл аударайық. Мұнда Күлтегіннің он үш шешуші шайқасы баяндалған. Онда да ол өзінің алғашқы ерлігін 16 жаста жаяу әскер қатарында жасап, батырлықтың «ер» дәрежесімен марапатталады. Тек 21 жасқа толғанда ғана ол басқа бір батырдың әскери жылқысымен жауға шабуға мүмкіндік алған. Бұл жылқы Күлтегінге тиіп, ақ түсті жылқыға тоғыз рет, бір рет торы және екі рет құба, бір рет бөрте (сұр) жылқыға отырады. Оған бәрінен көбірек қызмет еткен ақ түсті Шалшы жылқысымен Күлтегін үш-төрт рет шайқасқа қатысқан. «Шал» сөзі көне түркі тілінде «алып, ержүрек адам, батыр, мерген» дегенді білдіреді. Осы уақытта патшалық еткен Тан әулеті түрік әскерлерінің көмегі арқасында тақты жаулап алады. Тан императоры мен оның нөкерлері жылқыларды үйретті. Қытайдың ақсүйек әйелдері ерлермен қатар жылқыны көлік етті. Жылқы культі қытай поэзиясына, прозасы мен сурет өнеріне жаңа эстетика әкелді. Императорлар суретшілерге өздерінің әскери тұлпарларын жібекке полихромды және монохромды тушьпен салдырды. Осы кезде қайтыс болған батыр мен оның өлген сенімді жылқысына айтылған жоқтау «Ақ жылқы туралы өлеңі» кеңінен белгілі болды. Сенімді адамдар туралы сол кезде «Жылқы секілді адал қызмет етті» деп айтылды. Тан императорының ат қорасында бауырындағы ұзын жүнімен, түнгі қараңғылықта көру қабілеттілігімен және күніне бес жүз ли (бір ли өлшемі 500 метрге тең) жүретіндігімен ерекшеленетін жүйрік жылқысы болды. Әйгілі ақын Омар Хайям өзінің «Наурызнама» эссесінде былай деп жазады: «Төрт аяқтының ішінде жылқыдан күштісі жоқ, өйткені ол – барлық жайылатын төрт аяқтылардың патшасы деп айтылады». Омар Хайям сонымен бірге Хұсрау Парвиздің Патша жылқының жолбасшысы, ал жылқы төрт аяқтылардың басшысы және Афрасиабтың (Алып Ер Тонға): «Ай аспан үшін секілді жылқы патша үшін» сөздерін келтіреді. Басқа аңыздардағы кейіпкерлердің пікірлері де бар. Әскери жағдайлардағы жылқының маңызы мынандай сөздермен келтірілген: «Жылқы – бұл соғыс тағы, ал түсі оның қару-жарағы». Жылқының бұл терең пәлсапалық бағасы көріністің түсімен ерекшеленуі парсы тілі мен парсы поэзиясына тән. Ирандықтар Х ғасырда бір түсті жылқы, ерекшелігіне қарай ақ түстісі бәрінен артық және көңіл аударуға тұрарлық деп айтқан. Оның иесі соғыста әрқашан жеңімпаз болып табылған. Ежелгі ирандықтардан шыққан дәстүр бойынша ақ жылқыға патша мен қолбасшыларды отырғызған. Ақ түсті жылқыны шайқас алаңында көтерілген қалың шаңнан көру оңай, оған қоса айтарлықтай анық түсі жылқы-альбиносқа тән. Ежелгі ирандықтарда күн мен отқа табыну Рустам-Рахшаның жасындай жирен түсте, ал мінезі «жалын от секілді» болған жылқысы кейпінде бейнеленеді. Сиявуш пен оның ұлының қара түсті әскери жылқысы бір мезгілде әкесі мен ұлына адал болған, ол ұлына бағынғанымен, өзінің бірінші иесінің ер-тоқым, жүгенін иіскеп білді. Иран аңыздарында жылқыны сипаттау исламға дейінгі кезеңде-ақ сол эпитетте, ал ежелгі түркі халықтарында «пырақты», «құрыш тұяқты» деп кездеседі. Дала жолы. Сақтар Б.з.д. І мыңжылдықтың ортасында Қара және Азов теңіздерінің жағалауын Орталық Азиямен байланыстырып жатқан «Дала» жолы өмір сүрді. Бұл жол біздің заманымыздың бірінші ғасырынан бастап Боспор патшалығы билігі мен Рим империясына қараған Солтүстік Қара теңіз қалаларынан басталды. Осы аймақтағы негізгі қалалар: Тир, Ольвия, Херсонес, Пантикапей, Фанагория Жерорта теңізі елдерімен, скиф және сармат тайпаларымен, сонымен қатар шалғай аймақтармен сауда байланыстарын жандандырды. Қара теңіз бен Орта Азия арасындағы сауда және мәдени байланыстарда үлкен рөлді сақ пен сармат тайпалары, әсіресе Арал маңы мен Қара теңіз маңы аралығындағы алып аумақты алып жатқан аорстар мен аландар атқарды. Бұл тайпалар Алдыңғы Азиядан Кавказ маңы, Еділ мен Жайық бойы далаларына апаратын сауда жолын бақылауда ұстады.
Дала жолы оңтүстік орыс даласын Төменгі Еділ бойы, Арал маңымен түйістірді, сосын Оңтүстік Қазақстан арқылы Алтайға және Шығыс Түркістанға шығып, шамасы Ұлы Жібек жолының негізгі трассасына жалғасқан. Осы жолдың тармақтарының бірі солтүстік Жайық бойынан Хорезм арқылы Согдианаға, одан оңтүстікке кеткен. Дегенмен, бұл жол белгілі бір уақыттарда біршама жемісті қызмет еткенімен ол жүріп өту үшін құрылған, өйткені ол қалалары мен қоныстары жоқ бірнеше ондаған шақырымнан өтті. Одан басқа, сауда керуені ешкімнің билігін мойындамайтын әртүрлі тайпалардың шапқыншылығына ұшырады. У Ди император тұсында қуатты Хань империясының саяси және экономикалық өсуіне байланысты Қытайдың сыртқы саясатының негізгі мақсаты ғұндар мен үнділерді араға салмай батыс елдерімен тікелей сауда қарым-қатынасын орнату болды. У Ди императордың ғұндармен үздіксіз соғыс жүргізу саясатының және Вэй Цинь қолбасшының жемісті әрекеттерінің арқасында қытайлықтар стратегиялық маңызы бар Ганьсуй дәлізін бекітті. Бұл б.з.д. ІІ ғасырдың екінші жартысында болды және Орталық Азиядағы халықаралық жағдайды айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Чжан Цзяньның саяхатынан кейін Қытайды Таяу және Орта Шығыспен тікелей жалғастырып тұрған Ұлы Жібек жолы жөнінде жеке айтуға болады. Хань әулетінің тарихында Ганьсуй дәлізінен шыға берісте әртүрлі бағытқа тараған батыс-оңтүстік және солтүстік деген екі жол жазылған. Оңтүстік жол Шаньшань (Лобнор өзені алқабы) арқылы оңтүстік таудың (Куньлунь) солтүстік баурайымен, одан ары өзен бойымен Шачэден батысқа өткен. Одан ары батысқа қарай Оңтүстік жол Цинлин (Памир) арқылы Үлкен Юечжи (Бактрия) мен Аньсиға (Парфия) барады. Солтүстік жол Чешьтен (Турфан оазисі) басталып, Солтүстік тау (Тянь-Шань) және Тарим өзені бойымен батыста Сулэге (Қашғар) дейін өткен. Одан ары батысқа кеткен. Солтүстік жол Цинминде түйісіп, Давань (Ферғана өңірі), Канцьюй (Қазақстан) мен Яньцайға (Төменгі Еділ мен Жайық бойы) барған. Екі өркениетті – батыс пен қиыр шығысты жалғастыруда Орта Азия мен Қазақстан халқы көрнекті рөл атқарды, олардың қай жағынан болмасын жолсерік болғандығы даусыз.